«Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 171 бұйрығы (2026.20.09. берілген өзгерістермен)

Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 171 бұйрығы

(2026.20.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.21.08. № 173 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.21.08. № 173 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Экология, геология және табиғи

ресурстар министрі

 

 

С. Брекешев

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.